Бағалы қағаздар орталық депозитарийі алаяқтық схеманың белгілері бар әрекеттер туралы ескертеді

18 маусым 2026

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) алаяқтық схеманың белгілері бар іс-әрекеттердің анықталғаны туралы ресми түрде мәлімдейді және Қазақстан Республикасының азаматтарын барынша сақ болуға шақырады.

Орталық депозитарийдің қолма-қол ақша түрінде ірі ақша сомаларын төлеуді жүзеге асыратыны болжанған жалған хабарламаларды тарату жағдайлары анықталды. Бұл ретте хабарламаларда дивидендтер де, осы төлемдерді алу үшін қандай да бір өзге заңды негіздер де көрсетілмейді.

Орталық депозитарий мұндай хабарламалар ЖІБЕРМЕЙДІ және қандай да бір кодтарды, ұтыстарды немесе өтемақыларды алу үшін жеке тұлғалардан ақша аударуды ТАЛАП ЕТПЕЙДІ.

Маңызды: Орталық депозитарий өзінің дербес деректерін, SMS-кодтарын, банк карталарының нөмірлерін үшінші тұлғаларға бермеуге және күмәнді талаптар бойынша алдын ала төлем жасамауға қатаң кеңес береді. 
Абай болыңыздар және тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа ғана сеніңіздер.

Орталық депозитарийдің ресми интернет-ресурсы: www.kcsd.kz

БАҚ үшін байланыс: press@kcsd.kz

Өтініш жасау үшін байланыс: helpdesk@kcsd.kz