"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 24 тамызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің күндізгі отырысы өткізілгенін хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды:
"Басқарма төрағасы Е.А. Медеудің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы", Басқарма төрағасын сайлау туралы" күн тәртібіндегі мәселелер бойынша
1. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Медеу Едил Ахметқалұлының Басқарма төрағасы лауазымындағы өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын. Е.А. Медеу Орталық депозитарийде жұмыс істеген соңғы күн 2026 жылғы 31 тамыз болып есептелсін.
2. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Сердюк Иван Вячеславович Басқарма төрағасы болып сайлансын.
3. И.В. Сердюктің 2028 жылғы 1 шілдеге дейінгі Басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттік мерзімі 2028 жылғы 1 шілдеде Алматы уақытымен сағат 18:00-де аяқталады деп белгіленсін.
4. И.В. Сердюкке Басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттік мерзімі басталған күннен бастап 100 күн ішінде Директорлар кеңесінің стратегиялық офлайн-сессиясын өткізуді ұйымдастыру тапсырылсын, онда И.В. Сердюк Орталық депозитарийдің қызметіне өз бағаларын және оның одан әрі даму бағыттары туралы ойларын ұсынады.