"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 14 мамырда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды:
"Жаңа редакциядағы Тарифтер мен алымдар туралы ереже туралы" мәселе бойынша
1. Жаңа редакциядағы Тарифтер мен алымдар туралы ереже ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес жаңа редакцияда бекітілген Тарифтер мен алымдар туралы ереже осы шешімнің 3-тармағында көзделген ерекшелікті ескере отырып, 2026 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілсін.
3. Есептік кезең күнтізбелік тоқсан болып табылатын және осы шешімнің 1-тармағына сәйкес жаңа редакцияда бекітілген Орталық депозитарийдің Тарифтері мен алымдары туралы ережеде көзделген тарифтер мен алымдар бойынша есептеудің 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылатындығы белгіленсін.
4. 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Директорлар кеңесінің шешімімен (2019 жылғы 19 желтоқсандағы сырттай дауыс берудің № 96 (з) хаттамасы) бекітілген Тарифтер мен алымдар туралы ереженің күші жойылды деп танылсын.