2026 жылғы 10 шілдеде өткен Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

14 шілде 2026

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 10 шілдеде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Қағидалар жинағына кіріспеге № 14 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша
1. "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Қағидалар жинағына кіріспеге № 14 өзгерістер мен толықтырулар ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілген күннен бастап 20 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
3. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағының күші 2025 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылсын.

"Есепке алу ұйымдары ЕО CSDR режимін қолданған кезде депозитарлық қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы" мәселе бойынша
1. Есепке алу ұйымдары ЕО CSDR режимін қолданған кезде депозитарлық қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Есепке алу ұйымдары ЕО CSDR режимін қолданған кезде депозитарлық қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері бекітілген күннен бастап 20 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
3. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Есепке алу ұйымдары ЕО CSDR режимін қолданған кезде депозитарлық қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктерінің күші 2025 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылсын.

"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидаларына № 8 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша
1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидаларына № 8 өзгерістер мен толықтырулар ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілген күннен бастап 20 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
3. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген өзгерістер мен толықтырулардың келесідей құрылымдық элементтерінің күші 2025 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылсын:
Құрылымдық элемент    Нақтылау, ескертпе
19-тармақ    ", оның ішінде есепке алу ұйымдары ЕО CSDR режимін қолданған кезде айыппұл төлеу үшін" мәтіні ғана
23-тармақ    ", оның ішінде есепке алу ұйымдары ЕО csdr режимін қолданған кезде айыппұл төлеу үшін" мәтіні ғана
30-тармақ    
31-тармақ    Өзгеретін Қағидалардың 43-2-бабының 2) тармақшасының мәтіні ғана 
4. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген өзгерістер мен толықтырулардың келесідей құрылымдық элементтерінің күші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылсын:
Құрылымдық элемент    Нақтылау, ескертпе
4-тармақ    
8-тармақ    
9-тармақ    
19-тармақ    ", оның ішінде есепке алу ұйымдары ЕО CSDR режимін қолданған кезде айыппұл төлеу үшін" мәтінен басқа
23-тармақ    Тек ", сондай-ақ есепке алу ұйымдары мен қызмет көрсететін банктер алатын (салған, өндіріп алған) тарифтерді, алымдарды, комиссияларды, жарналарды, айыппұлдарды, өсімпұлдарды, өндіріп алуларды және өзге де ақшалай сомаларды төлеуге" мәтіні
26-тармақ    
27-тармақ    
28-тармақ    
29-тармақ    Өзгеретін Қағидалардың 30-бабының 1-1-тармағының 2) тармақшасының мәтіні ғана
31-тармақ    Өзгеретін Қағидалардың 43-2-бабының 3) тармақшасының мәтіні ғана
32-тармақ    

"Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына № 10 толықтырулар мен өзгерістер туралы (ерекше бөлім)" мәселесі бойынша
1. Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына № 10 толықтырулар мен өзгерістер (ерекше бөлім) ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілген күннен бастап 20 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
3. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген толықтырулар мен өзгерістердің 6-тармағының күші 2025 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылсын.

"2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) талдау қорытындысы, Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырау деңгейі және нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі туралы ақпарат туралы" мәселе бойынша
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) талдау қорытындысы, Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырау деңгейі және нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі туралы ақпарат назарға алынсын.

"2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық орнықтылық коэффициенттерінің мәндерін есептеу туралы" мәселе бойынша
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық орнықтылық коэффициенттерінің мәндерін есептеу туралы ақпара назарға алынсын.

"Орталық депозитарийдің 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептері мен ақпараты туралы" мәселе бойынша
Орталық депозитарийдің 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептері мен ақпараты назарға алынсын.

"Орталық депозитарийдің 2025 жылға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау жөніндегі есеп туралы" мәселе бойынша
Орталық депозитарийдің 2025 жылға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау жөніндегі есеп назарға алынсын. 

"ҚНА-ның Орталық депозитарий қызметіне жүргізген іріктемелі тексеруінің нәтижелері туралы" мәселе бойынша 
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Орталық депозитарий қызметіне жүргізген іріктемелі тексеруінің нәтижелері назарға алынсын.