2026 жылғы 15 қазанда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

2026-10-22 10:00

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 15 қазанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:

"2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кемшіліктерді жою және аудиторлық тексерулер нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын енгізу жөніндегі есеп туралы"
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кемшіліктерді жою және аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын енгізу жөніндегі есеп назарға алынсын.

"Басқарма төрағасын сайлау туралы", Басқарма төрағасы Е.А. Медеудің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" мәселе бойынша Директорлар кеңесінің шешіміне өзгеріс енгізу туралы (2026 жылғы 24 тамыздағы отырыстың № 62 хаттамасы)
"Басқарма төрағасын сайлау туралы", Басқарма төрағасы Е.А. Медеудің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" мәселе бойынша Директорлар кеңесінің шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін (2026 жылғы 24 тамыздағы отырыстың № 62 хаттамасы):
4-тармақтағы "100" саны "150"санымен ауыстырылсын.".

"Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және осы жиналыстың күн тәртібін қалыптастыру туралы"
1. Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) сырттай дауыс беру арқылы шақырылсын және оның мынадай күн тәртібі бекітілсін:
                "1.   Орталық депозитарийдің 2026 жылғы қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды айқындау туралы.
                2.    Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы.".
2. 2026 жылғы 7 желтоқсанда сырттай дауыс беру үшін алынған бюллетеньдер бойынша дауыстарды санау күні мен уақытын айқындау.
3. Жиналыста дауыс беру қорытындысын шығару кезінде Орталық депозитарийдің акционерлерінен 2026 жылғы 7 желтоқсанда Алматы уақытымен сағат 18:00-ге дейін алынған сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдер ескерілсін.
4. Жиналыста дауыс беруге құқығы бар Орталық депозитарий акционерлерінің тізімі 2026 жылғы 16 қазандағы Алматы уақытымен сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалсын.

"Орталық депозитарийдің 2026 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы"
Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына мынадай шешім қабылдау ұсынылсын:
"Russell Bedford А+Partners "Халықаралық аудиторлық компаниясы" ЖШС Орталық депозитарийдің 2026 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйым болып белгіленсін.".

"Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы"
Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына мынадай шешім қабылдау ұсынылсын:
"Сердюк Иван Вячеславович Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің мүшелігіне өкілеттік мерзімі Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің қалған мүшелерімен бір мезгілде, яғни 2027 жылы Орталық депозитарийдің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілген кезде аяқталу мерзімімен сайлансын.".