2026 жылғы 26 наурызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

2 сәуір 2026

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 26 наурызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:

"Орталық депозитарийдің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебі туралы" мәселе бойынша 
Орталық депозитарийдің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есеп бекітілсін. 

"Орталық депозитарийдің 2022–2026 жылдарға арналған даму жоспарының 2025 жылғы орындалуы туралы есеп" мәселесі бойынша 
Орталық депозитарийдің 2022–2026 жылдарға арналған даму жоспарының 2025 жылғы орындалуы туралы есеп бекітілсін.

"Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитетінің құрамы туралы" мәселе бойынша
1.    Мойсов Иван Борисович Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі ретінде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитетінің мүшесі болып сайлансын.
2.    Искакова Айнагуль Куаншбаевна Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитетінің мүшесі болып сайлансын (сарапшы ретінде).

"РТРС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысушыларының кезекті жалпы жиналысы туралы" мәселе бойынша
1.   Орталық депозитарийдің өкіліне 2026 жылғы 27 наурызға өткізілуге тағайындалған "РТРС" ЖШС қатысушыларының кезекті жалпы жиналысында (бұдан әрі – Жиналыс) мынадай түрде дауыс беру тапсырылсын:
       1)   Жиналысты өткізуге байланысты рәсімдік мәселелер бойынша – Орталық депозитарийдің мүдделерін негізге ала отырып, өз қалауы бойынша дауыс беру;
       2)    Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы мәселе бойынша - "жақтап" нұсқасы бойынша дауыс беру;
       3)    Жиналыстың күн тәртібінің 1-мәселесі бойынша ("РТРС" ЖШС Қадағалау кеңесінің мүшесін сайлау туралы") Е.С.Сыздыковтың "РТРС" ЖШС Қадағалау кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға және KASE ұсынған, өкілеттік мерзімі қолданыстағы құрамдағы "РТРС" ЖШС Қадағалау кеңесінің басқа мүшелерінің өкілеттік мерзімімен бір мезгілде аяқталатын кандидатты "РТРС" ЖШС Қадағалау кеңесінің мүшесі етіп сайлауға дауыс беру;
       4)    Жиналыстың күн тәртібінің 2-мәселесі бойынша ("РТРС" ЖШС-нің 2025 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы") "РТРС" ЖШС-нің 2025 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекітуге дауыс беру және "РТРС" ЖШС-нің 2025 жылдың қорытындысы бойынша 19 700 мың теңге мөлшерінде таза кірісін (пайдасын) бөлмеу;
       5)    Жиналыстың күн тәртібінің 3-мәселесі бойынша ("РТРС" ЖШС-нің 2025 жылғы қызметі туралы есеп туралы") "РТРС" ЖШС-нің 2025 жылғы қызметі туралы есепті назарға алу үшін дауыс беру;
       6)    Жиналыстың күн тәртібінің 4-мәселесі бойынша ("РТРС" ЖШС жарғылық капиталын азайту және "РТРС" ЖШС Жарғысына № 6 өзгерісті бекіту туралы") "РТРС" ЖШС барлық қатысушылары салымдарының мөлшерін 432 500 теңгеге дейін барабар азайту жолымен "РТРС" ЖШС жарғылық капиталының мөлшерін өзгертуге дауыс беру, өзгерісті бекіту № 6 "РТРС" ЖШС Жарғысына ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда, Орталық депозитарий өкіліне "РТРС"ЖШС Жарғысына № 6 өзгеріске қол қоюға өкілеттік беру.
2.    Жиналыс өтпеді деп танылған жағдайда, осы шешіммен Орталық депозитарий өкіліне берілген өкілеттіктер "РТРС"ЖШС қатысушыларының қайталама жалпы жиналысында өз күшін сақтайды.