2026 жылғы 27 наурызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

2 сәуір 2026

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 27 наурызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:

"2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) талдау нәтижелері және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырауы және 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпарат туралы" мәселе бойынша
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) талдау нәтижелері және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырауы және 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпарат назарға алынсын.

"2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық тұрақтылығы коэффициенттерінің мәндерін есептеу туралы" мәселе бойынша 
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық орнықтылық коэффициенттерін есептеу туралы ақпарат назарға алынсын.

"2025 жылғы төртінші тоқсандағы Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат туралы" мәселе бойынша 
2025 жылғы төртінші тоқсандағы Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат назарға алынсын.