Эмитенттің жеке кабинетіндегі жергілікті атқарушы органдарға арналған сервис

25 маусым 2026

2026 жылғы 25 маусымнан бастап Эмитенттің жеке кабинетінде (cabinet.kcsd.kz) "МБҚ қабылдау" бөлімінде келесі сервистер қолжетімді:

  • муниципалдық облигацияларға халықаралық сәйкестендіру нөмірлерін беру туралы өтінішті құру және жіберу;
  • өтініштің жасалу сәтінен бастап оны Орталық депозитарийдің өңдеуін аяқтағанға дейінгі мәртебесін қадағалау;
  • өтініштің және сәйкестендіру нөмірлерін беру туралы куәліктің баспа нысандарын алу;
  • "Жергілікті атқарушы органның бағалы қағаздар шығарылымы туралы мәліметтер" операциялық құжатын құру және жіберу, сондай-ақ оның өңделу мәртебесін қадағалау.

Эмитенттің жеке кабинетінің "МБҚ қабылдау" бөліміндегі сервистерге қол жеткізу Орталық депозитариймен іскерлік қатынастар орнату рәсімінен өткен жергілікті атқарушы органдардың сенім білдірілген тұлғалары үшін қарастырылған.

Жеке кабинетке қосылу мәселелері бойынша келесі байланыс арналары арқылы хабарласуға болады:

электрондық пошта: helpdesk@kcsd.kz

Telegram-бот: @helpdesk_kcsd_bot

телефондар: +7 (727) 262 08 46, +7 (727) 355 47 60, +7 (717) 247 67 50