Есепке алу ұйымдары ЕО CSDR режимін қолданған кезде депозитарлық қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері бекітілді

16 шілде 2026

2026 жылғы 10 шілдеде сырттай дауыс беру өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен есепке алу ұйымдары ЕО CSDR режимін қолданған кезде депозитарлық қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері бекітілді.

Депозитарлық қызметті және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері есепке алу ұйымдары ЕО CSDR режимін қолданған кезде айыппұлдар мен айыппұл сомалары туралы хабардар ету, айыппұл сомаларын енгізу және есептен шығару, өтемақы сомаларын есепке алу тәртібін және Орталық депозитарийдің депозитарлық қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруының өзге де ерекшеліктерін анықтайды.

Есепке алу ұйымдары ЕО CSDR режимін қолданған кезде депозитарлық қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері 2026 жылғы 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

ЕО CSDR режимін есепке алу ұйымдары қолданған кезде депозитарлық қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктерінің әрекеті 2025 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Есепке алу ұйымдары ЕО CSDR режимін қолданған кезде депозитарлық қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакциясы] қосымша бетінде жарияланды.