"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 9 сәуірде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің күндізгі отырысы өткізілгенін хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды:
"Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру және осы жиналыстың күн тәртібін қалыптастыру туралы 1-мәселе бойынша. Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды алдын ала қарау туралы"
1. Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) шақырылсын және оның мынадай күн тәртібі бекітілсін:
"1. Орталық депозитарийдің 2025 жылғы қызметі туралы.
2. Орталық депозитарийдің 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
3. Орталық депозитарийдің 2025 жылғы таза кірісін (пайдасын) бөлу тәртібі туралы.
4. Орталық депозитарийдің және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері туралы, сондай-ақ осындай өтініштерді қарау қорытындылары туралы.
5. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы.
6. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелеріне – тәуелсіз директорларына сыйақы беру туралы.
7. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін айқындау туралы, Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы, Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің ай сайынғы белгіленген сыйақыларының мөлшері туралы.
8. Орталық депозитарийдің жарғысына № 7 түзетулер туралы.
2. 2026 жылғы 15 мамырда Алматы уақытымен сағат 15:00-ден бастап Орталық депозитарийдің конференц-залында (Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30/8, 163-тұрғын емес үй-жай, 2-қабат) Жиналыс өткізу; Жиналысқа қатысушыларды оны өткізу орны бойынша Алматы уақытымен сағат 14: 30-дан бастап тіркеуді бастасын.
3. Орталық депозитарийдің жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлерінің тізімі 2026 жылғы 14 сәуірдегі Алматы уақытымен сағат 00: 00-дегі жағдай бойынша жасалсын.
4. Кворум болмаған жағдайда, қайта жиналыс 2026 жылғы 18 мамырда Алматы уақытымен сағат 15:00-ден бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізілетіні белгіленсін, мұндай жиналысқа қатысушыларды тіркеу Алматы уақытымен сағат 14:30-дан бастап өткізілетін орны бойынша басталады.
5. Жиналысқа осы жиналыстың күн тәртібі мәселелері бойынша мынадай шешімдер қабылдауға ұсынылсын:
1) "2025 жылғы Орталық депозитарийдің таза кірісін (пайдасын) бөлу тәртібі туралы" жиналыстың күн тәртібінің 3-мәселесі бойынша:
"Қазақстан Республикасының "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес Орталық депозитарийдің 2025 жылғы таза табысы (пайдасы) оны одан әрі дамытуға 2 010 886 422,40 теңге сомасында бағытталсын";
2) "Орталық депозитарийдің және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері туралы, сондай-ақ осындай өтініштерді қарау қорытындылары туралы" жиналыстың күн тәртібінің 4-мәселесі бойынша:
"2025 жылы акционерлердің Орталық депозитарийдің және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне өтініштерін кері қайтарып алу туралы ақпаратты назарға алынсын";
3) Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының "Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы"күн тәртібінің 5-мәселесі бойынша:
"Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.".".
4) "Орталық депозитарий жарғысына № 7 түзетулер туралы" Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібінің 8-мәселесі бойынша":
"1. Осы түзетулер осы шешім қабылданған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізіле отырып, Орталық депозитарийдің жарғысына № 7 түзетулер бекітілсін.
2. Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасына Орталық депозитарийдің жарғысына № 7 түзетулерге қол қоюға өкілеттік берілсін.".
"2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін Орталық депозитарийдің жылдық қаржылық есептілігі туралы" 2-мәселе бойынша
1. Орталық депозитарийдің 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігі алдын ала бекітілсін.
2. Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына Орталық депозитарийдің 2025 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекіту ұсынылсын.
"Басқарма мүшесі-Басқарма төрағасының орынбасары Б. М. Сейтказиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" 3-мәселе бойынша
Сейтказин Бақытжан Майдановичтің Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатылсын. Б. М. Сейтказиннің Орталық депозитарийдегі жұмысының соңғы күні 2026 жылғы 9 сәуір болып есептелсін.
"Басқарма мүшесін сайлау туралы" 4-мәселе бойынша
1. Т.С. Шадиеваны Орталық депозитарийдің басшы қызметкері лауазымына сайлауға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің келісімін алған күннен басталатын өкілеттік мерзімі бар Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары болып сайлансын, бұл туралы Орталық депозитарий Директорлар кеңесінің мүшелерін дереу хабардар етуге міндетті және Басқарманың қалған мүшелерінің өкілеттік мерзімімен бір мезгілде аяқталатын болады.
"2025 жылы Орталық депозитарийде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп туралы" 5-мәселе бойынша
2025 жылы Орталық депозитарийде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп назарға алынсын.
"Комплаенс-бақылау қызметі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарының күші жойылды деп тану туралы" 6-мәселе бойынша
Осы шешім қабылданған сәттен бастап күші жойылды деп танылсын:
1) Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Комплаенс-бақылау қызметі бас маманының лауазымдық нұсқаулығы (2021 жылғы 8 қазандағы отырыстың № 38 хаттамасы);
2) Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Комплаенс-бақылау қызметінің жетекші маманының лауазымдық нұсқаулығы (2021 жылғы 8 қазандағы отырыстың № 38 хаттамасы).